---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.6
alternate:
  - https://browser.yandex.by/help/en/security/sms-fraud.md
  - https://browser.yandex.by/help/kk/security/sms-fraud.md
  - https://browser.yandex.by/help/ru/security/sms-fraud.md
  - https://browser.yandex.by/help/tr/security/sms-fraud.md
  - https://browser.yandex.by/help/uz/security/sms-fraud.md
keywords:
  - Яндекс сайтты зиянды ретінде бұғаттады.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://browser.yandex.by/help/kk/llms.txt




# Protect: SMS-алаяқтықтан қорғау



Сайтта ұялы телефон арқылы тіркелген кезде немесе ұялы нөмірге SMS жіберген кезде алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. Пайдаланушы төлемді жібереді, бірақ төленген қызметті алмайды немесе оның шотынан кейбір ақша сомасы үнемі есептен шығарылады. [Яндекс Браузер](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) [Protect](https://browser.yandex.by/help/kk/security/protection.md) кешенді қорғау жүйесі шеңберінде алаяқтар қолдана алатын сайттарды бақылайды және бұғаттайды.

## Күдікті сайттарды бұғаттау {#blocking}

Яндекс алаяқтар пайдалануі мүмкін фишинг сайттары мен ресурстарды қадағалайды. Мұндай сайттардың мекен-жайлары арнайы деректер базасында сақталады. Егер сіз SMS-алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін ресурсқа кіруге тырыссаңыз, Браузер ықтимал қауіпті парақшаны бұғаттайды және бұл туралы сізді хабардар етеді — Браузер терезесінде хабарлама және ![](../_image/mobile-payments-warning-icon.png) белгішесі [Ақылды жолда](*smart-link) пайда болады.

![](../_image/sms-fraud.png){.border-yes}

{% note alert %}

Мұндай сайтқа кірмес бұрын мұқият ойланыңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін:

- Сайтта сізге телефоныңыздың шотынан ақша алынатын әрекеттерді орындауды ұсынады. Ұсынылатын қызметтердің ақылы екендігі немесе оны табу қиын жерде болатыны туралы ескерту.
- Сіздің төленген қызметтерді мүлдем алмау немесе қызметтер уәде етілген түрде көрсетілмейтіні ықтималдығы бар.

{% endnote %}



## SMS-алаяқтық мысалдары {#examples}

Төменде сипатталған жағдайлар алаяқтық сайттарда, зарарлы сайттарда (кеше қауіпсіз болған сайт бүгін зарарлануы мүмкін), сондай-ақ компьютеріңізде зарарлы бағдарламалық қамтамасыз ету салдарынан туындауы мүмкін.

{% note alert %}

Зарарлы БҚ сіз сайттарда енгізетін ақпаратты алып, оны зиянкестерге жіберуі мүмкін. Сондықтан біз антивирусты пайдалануды ұсынамыз.

{% endnote %}

#### Сіздің ұялы телефоныңыз арқылы сайтқа тіркелу

1. Сайт әрртүрлі сылтаулармен ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізуді талап етеді. Мысалы, сайтта тіркелу немесе сіздің робот емес екенініңізді растау үшін, бағдарламаны жаңартуды іске қосу, әлеуметтік желіде сіздің шотыңызды бұғаттауды болдырмау және т. б.
1. Телефонға сайтта енгізуге сұратқан қосылу коды келеді.
1. Кодты енгізесіз де, солайша ақылы жазылымды іске қосасыз.
1. Телефоннан күн сайын кейбір сома алынады.

#### Телефоныңыздан ұялы нөмірге хабарлама жіберу

1. Сізден сайтта көрсетілген нөмірге мобильді телефоныңыздан хабарлама жіберуіңізді сұрайды.
1. Сіз SMS-ті жібересіз. Жіберу құны сіздің тарифіңіз бойынша SMS құнынан жоғары болады. Әрі құны туралы ақпарат сайтта мүлде көрсетілмеуі мүмкін не болмаса сайтта байқалмайтын бөлімінде келтірілуі мүмкін.
1. Ұялы нөмірге хабарлама жібергеннен кейін сомма бірден телефоныңыздан алынады. Кейде ақшаны күнделікті есептен шығару қосылады.

#### Толығырақ біліңіз

- [Құрылғыңыздағы мобильді жазылымдарды қалай тексеруге және өшіруге болады](https://yandex.ru/promo/safesearch/unsubscribe)

## Қосымша қауіпсіздік шаралары {#secutity-rules}

Protect жүйесінің зарарланған және күдікті сайттарының деректер қорында 80 000-нан астам сайт бар, алайда айлакерлік ресурс егер оған әлі шағым түспесе, онда болмауы да мүмкін. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындаңыз:

- Ұялы телефоныңыздың нөмірін сіз толық сенбейтін сайттарда енгізбеңіз.

- Телефоныңыздан сайттарда көрсетілген нөмірлерге хабар жібермеңіз.

- Кез келген [жеке деректерді](https://yandex.kz/support/common/kk/security/phishing.html) немесе электрондық төлемдер үшін деректерді (банк карталарының нөмірлері, PIN-кодтар және т. б.) жібермеңіз.


## Қорғауды өшіру {#protection-off}


{% note alert %}

Егер сіз интернет-алаяқтықтан қорғауды өшіргіңіз келсе, Браузердегі зарарлы бағдарламалар мен сайттардан қорғауды толығымен өшіруге тура келеді. Біз бұны жасамауға кеңес береміз.

{% endnote %}


Интернет-алаяқтықтан қорғауды өшіру үшін:

1. Оң жақ жоғарғы бұрышта <svg xmlns="http://www.w3.org/2000/svg" width="22" height="22" viewBox="0 0 22 22" fill="none"><title>Настройки Яндекс Браузера</title><path d="M4 16.4091C4 16.0827 4.26117 15.8182 4.58333 15.8182H17.4167C17.7388 15.8182 18 16.0827 18 16.4091C18 16.7354 17.7388 17 17.4167 17H4.58333C4.26117 17 4 16.7354 4 16.4091Z" fill="currentColor"/><path d="M4 10.5C4 10.1736 4.26117 9.90909 4.58333 9.90909H17.4167C17.7388 9.90909 18 10.1736 18 10.5C18 10.8263 17.7388 11.0909 17.4167 11.0909H4.58333C4.26117 11.0909 4 10.8263 4 10.5Z" fill="currentColor"/><path d="M4 4.59091C4 4.26456 4.26117 4 4.58333 4H17.4167C17.7388 4 18 4.26456 18 4.59091C18 4.91726 17.7388 5.18182 17.4167 5.18182H4.58333C4.26117 5.18182 4 4.91726 4 4.59091Z" fill="currentColor"/></svg>&nbsp;→ **Баптаулар** опциясын басыңыз.


1. Беттің жоғарғы жағындағы **Қауіпсіздік** қойындысына өтіңіз.

1. **Қауіптерден қорғау** бөлімінде **Қаралатын сайттар мен жүктелетін файлдардың қауіпсіздігін тексеру** опциясын өшіріңіз.

SMS-алаяқтықтан қорғауды қайта қосу үшін сол алгоритмді пайдаланыңыз.


## Егер Яндекс сіздің сайтыңызды бұғаттаса {#if-site-blocked}

Егер Яндекс сіздің сайтыңызды қателікпен бұғаттап жатыр деп ойласаңыз, [SMS-алаяқтық](https://yandex.ru/support/webmaster/threats/sms-fraud.html) бетіндегі нұсқауларды қолданыңыз.



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->




[*smart-link]: Мекенжай жолағына іздеу сұранымдары енгізуге болады — Браузер сізге не керектгіні өзі түсінеді.