---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.50.6
alternate:
  - https://browser.yandex.by/help/en/personal-data-protection/incognito-mode.md
  - https://browser.yandex.by/help/kk/personal-data-protection/incognito-mode.md
  - https://browser.yandex.by/help/ru/personal-data-protection/incognito-mode.md
  - https://browser.yandex.by/help/tr/personal-data-protection/incognito-mode.md
  - https://browser.yandex.by/help/uz/personal-data-protection/incognito-mode.md
keywords:
  - Яндекс браузеріндегі инкогнито режиміндегі кеңейтімдер.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://browser.yandex.by/help/kk/llms.txt




# Инкогнито Режимі

Инкогнито режимі [сұранымдар](https://browser.yandex.by/help/kk/search-and-browse/search.md#suggests) мен [қаралымдарды](https://browser.yandex.by/help/kk/search-and-browse/history.md) құпия сақтауға мүмкіндік береді. [Яндекс Браузер](https://browser.yandex.kz/?lang=kk) [құпиясөздер](https://browser.yandex.by/help/kk/security/passwords.md) мен [автотолтыру](https://browser.yandex.by/help/kk/personal-data-protection/autofill.md) деректерін, іздеу сұранымдары, қаралған парақшалардың тарихы мен мекенжайларын сақтамайды. Баптаулардағы өзгертулер, [жүктелген файлдар](https://browser.yandex.by/help/kk/working-with-files/download-files.md) және [бетбелгілер](https://browser.yandex.by/help/kk/favourites/izbrannoe-search.md) ғана сақталады.

## Инкогнито режимі неден қорғайды {#who-knows}

Инкогнито режимінде қаралымдар тарихы және басқа деректер сақталмайды. Оларды көрмейтіндер.

- маркетинг мақсатында деректерді жинайтын сайт иелері;
- компьютерге қол жеткізе алатын адамдар.

Алайда әрекеттеріңіз туралы ақпарат интернет-провайдерге (егер ол [DPI-ды](https://ru.wikipedia.org/wiki/Deep_packet_inspection) қолданса), сіз Интернетке кіретін жергілікті желі әкімшісіне және жеке деректерді енгізетін сайт әкімшісіне қолжетімді болады.


## Инкогнито режиміне кіру және одан шығу {#open}

Инкогнито режимінде терезені кез келген тәсілмен ашыңыз:

- **<svg xmlns="http://www.w3.org/2000/svg" width="22" height="22" viewBox="0 0 22 22" fill="none"><title>Настройки Яндекс Браузера</title><path d="M4 16.4091C4 16.0827 4.26117 15.8182 4.58333 15.8182H17.4167C17.7388 15.8182 18 16.0827 18 16.4091C18 16.7354 17.7388 17 17.4167 17H4.58333C4.26117 17 4 16.7354 4 16.4091Z" fill="currentColor"/><path d="M4 10.5C4 10.1736 4.26117 9.90909 4.58333 9.90909H17.4167C17.7388 9.90909 18 10.1736 18 10.5C18 10.8263 17.7388 11.0909 17.4167 11.0909H4.58333C4.26117 11.0909 4 10.8263 4 10.5Z" fill="currentColor"/><path d="M4 4.59091C4 4.26456 4.26117 4 4.58333 4H17.4167C17.7388 4 18 4.26456 18 4.59091C18 4.91726 17.7388 5.18182 17.4167 5.18182H4.58333C4.26117 5.18182 4 4.91726 4 4.59091Z" fill="currentColor"/></svg>** → **Инкогнито режимі** опциясын басыңыз.
- Сілтемені тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, **Инкогнито режимінде сілтемені ашуды** таңдаңыз.
- Мына [пернелерді](https://browser.yandex.by/help/kk/useful-features/hotkeys.md) басыңыз: **Ctrl** + **Shift** + **N** (Windows жүйесінде және Linux) немесе **⌘** + **Shift** + **N** (macOS-та).

Инкогнито режиміндегі терезе ![](../_image/incognito-window-icon.png) белгішесімен белгіленеді.


{% list tabs %}

- Инкогнито режиміне көшу

  ![](../_image/go-in-incognito-window.png){.border-yes}

- Инкогнито режиміндегі терезе

  ![](../_image/incognito-window.png){.border-yes}

{% endlist %}

{% note info %}

Әдепкі бойынша Инкогнито режимінде басқа ресурстардың мүддесіне пайдаланушы туралы мәліметтер жинақтайтын [бөгде cookie файлдарына](https://browser.yandex.by/help/kk/personal-data-protection/ytp.md) тыйым салынған. Тыйымды алып тастау үшін жаңа қойындыда **Басқа сайттардан cookie файлдарын бұғаттау** опциясын өшіріңіз.

{% endnote %}

Инкогнито режимінен шығу үшін терезені жабыңыз. Содан кейін Браузер терезедегі жұмыс кезінде құрылған [cookie файдарын](https://browser.yandex.by/help/kk/personal-data-protection/cookies.md) жояды.


## Инкогнито режиміндегі кеңейтімдер {#additions}

Инкогнито режимінде әдепкі бойынша [кеңейтім](https://browser.yandex.by/help/kk/personalization/extension.md) ажыратылған. Олардың кейбірін қолмен қосуға болады. Кеңейтімді қосу үшін:

1. **<svg xmlns="http://www.w3.org/2000/svg" width="22" height="22" viewBox="0 0 22 22" fill="none"><title>Настройки Яндекс Браузера</title><path d="M4 16.4091C4 16.0827 4.26117 15.8182 4.58333 15.8182H17.4167C17.7388 15.8182 18 16.0827 18 16.4091C18 16.7354 17.7388 17 17.4167 17H4.58333C4.26117 17 4 16.7354 4 16.4091Z" fill="currentColor"/><path d="M4 10.5C4 10.1736 4.26117 9.90909 4.58333 9.90909H17.4167C17.7388 9.90909 18 10.1736 18 10.5C18 10.8263 17.7388 11.0909 17.4167 11.0909H4.58333C4.26117 11.0909 4 10.8263 4 10.5Z" fill="currentColor"/><path d="M4 4.59091C4 4.26456 4.26117 4 4.58333 4H17.4167C17.7388 4 18 4.26456 18 4.59091C18 4.91726 17.7388 5.18182 17.4167 5.18182H4.58333C4.26117 5.18182 4 4.91726 4 4.59091Z" fill="currentColor"/></svg>**&nbsp;→ **Кеңейтімдер** опциясын басыңыз.

1. Кеңейтімнің сипаттамасында **Толығырақ** батырмасын басыңыз.
1. **Инкогнито режимінде пайдалануға рұқсат ету** опциясын қосыңыз.

{% note alert %}

Кеңейтімде **Инкогнито режимінде пайдалануға рұқсат ету** опциясы жоқ болса, ол жұмыс істемейді.

{% endnote %}

![](../_image/addition-incognito.png){.border-yes}

#### Толығырақ біліңіз

- [Кеңейтімдер](https://browser.yandex.by/help/kk/personalization/extension.md)



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->


